«Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық» » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық»
05
май
2017

«Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық»

Сынып жетекшісі, ол-қоғамның талабына сай белгілі бір сыныптағы оқу-тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол оқушылардың таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады,болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделу, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, сыныптағы жағымды көңіл-күй жағдайын жүзеге асыру.
    Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндетті қоғамның талабына сай азамат тәрбиелеу.Ол үшін, оның тұлғасын қалыптастыру: сапалы, белсенді, ізгіленген,іскер,отаншыл. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге үшін:
     Педагогикалық білім деңгейінің сапасы жоғары;

Педагогтың шеберлігі;

Мектептің педагогттік ұжымы мен  ата-аналар және жұртшылықты  бала тәрбиесіне тарта білу қабілетін игеруі;

Идеялық сенімі айқындалған;

Тәрбие саласында теориялық және практикалық таныстығы жоғары;

Төзімділігі, шыншылдығы.

А.С Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған.
  В.А Сухомлинскийдің тілшімен айтқанда: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін». Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте  сынып жетекшісінің  бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата-аналар жиналысы, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасында болу.т.б.
  Сондықтан да ата-аналар баларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас , тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.
    Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі.
    Білім беру жүйесінде жаңа  сипаттағы оқу орындарының пайда болуы,гимназия,лицей.т.б. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауында. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

Пән мұғалімі,бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;

сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;

сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;

  Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі,құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда.Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
  Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
   Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуы керек. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара басты үш қызметті орындайды: Әр бағытта сыныптағы оқушылардың әректетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қомқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі. 
   Сынып жетекшісі-тұлғаның жан-жақты қалыптасуына жан-жақты үлес қосатын адам. Әрбір тұлғаның ішкі жан дүниесінжіті сезіне отырып, іс-әрекетін бақылап түсіну арқылы қоғамда өз орныны таба білетін  азаматты тәрбиелеу. 
  Негізінен сынып жетекшісі жан-жақты болу керек. Мәселен, мәдениетті, еңбекқор, балаларды жақсы көретін, оқушының жан дүниесін түсінетін, керек кезінде қасынан табылатын жан. 
   Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ болғандықтан, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» демекші, ата-аналар мен сынып жетекшісілері арасында бірін-бірі түсінушілік, сыйластық және үнемі тығыз қарым-қатынас болу қажет.  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив