Бала тәрбиесі- баршаның ісі » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бала тәрбиесі- баршаның ісі
05
май
2017

Бала тәрбиесі- баршаның ісі

«Бала тәрбиесі- баршаның ісі» 

   Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу,ұяңдық,пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді. 

     Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздыцң әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс.Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге. 

   Ата-ананың өзара тату-тәтті  сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді. Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Ата-ананың оғаш мінезі балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді. 

    Баланың нағыз азамат болуына ықпалды ортаның бірі жолдас-жорасы, достық қарым-қатынастары, мінез-құлықтарын білгені жөн. Олардың өзара қарым-қатынасына құрметпен қарауы керек. 

   Ата-ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып, осы балаларды неге ертіп келесің, басқа достар табылмады ма? ... дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды. 

  Сондай-ақ үй ішіндегі заттардың өз орнында болуының да мәні зор. Мысалы:ол бұйымдар шашылып жатса, ата-ана қарамаса баланың мінезі де алқын-жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуде тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Ықыласымен  оқымайтын баладан нашар оқушы шығады. 

    Олардың көбі ата-ана бақылауынан тыс қалған балалар.Себебі ата-ана жұмысты желеу етіп мектепепен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата-анада баршылық.Мұндай ата-аналардың балалары оқуға сүлесоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді. Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі-жиі сабақ қалдырады. Әрине осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, сапалы азамат, өнегелі тәрбие алмайтыны белгілі. 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив