Ел жүрегі - Астана!
Мен, Кабулова Мадина, 25 орта мектептің химия пәні мұғалімі,елордамыз Астананың құрдасы. 25 орта мектеп ұжымы Сіздерді сүйікті елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды! «Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол – бейбіт елдің баға жетпес байлығы.