07
March
2022
Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыстарды жетілдіру жолдары атты серіктес мектептермен өткізілген семинар
Almaty region, Іле ауданы, Жаңаталап ауылы Secondary school №25нде серіктес мектептер арасындағы семинар өтті. Тақырыбы: " Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыстарды жетілдіру жолдары". Семинарда пән бойынша оқушының білімін дамыту және сабақ үлгерімін жақсарту жолдары қарастырылады. Дербес білім беру арқылы оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, оқушының айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген іс-шаралардан мектеп ұстаздары тәжірибе алмасты. Шығармашылық топ жетекшісі Сүлейменова Б.Ж ұйымдастырған бұл семинарда тәжірибелі ұстаздар Рыспекова Қ.Н, Шошаева Ж.М, жас ұстаз Дәулетова Г.Е сабақтан үзінділер көрсетті. Мектеп психологі Темірбекова О.И мен Мүдетбек Ш.Қ коучинг ұйымдастырды. Feedbackқа шыққан семинар қатысушылары да ұйымдастырылған коучингке қызығушылықпен қатысты. Алары мол мұндай қызықты семинарлар алдағы уақытта жалғасын таппақ.