Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
14
апрель
2022

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.06.2021 № 555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А.Ерназарова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
      Қаржы министріБ. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      ________________ Е. Досаев
      2014 жылғы 3 желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      ________________ Қ. Келімбетов
      2014 жылғы 4 желтоқсан


 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығымен
бекітілген

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Қаржыландыру жоспарларының түрлері

      2. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:
      мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар);
      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);
      бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен- түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.
      Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.
      Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1046 бұйрықтарымен.

2-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі

      3. Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады, ол: осы Ереженің 1-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 12.07.2017 № 431 бұйрығымен
      4. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.
      5. Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды.
      6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың:
      бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
      басқа да нормативтік құқықтық актілер;
      міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;
      өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;
      шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.
      Экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.
      Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586; 23.02.2018 № 269 бұйрықтарымен.
      7. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспарына немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасына (кіші бағдарламасына) сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.
      8. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда ‒ мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, мемлекеттік мекеменің оларды жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде-тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген адамдар қол қояды) және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының ай сайынғы бөлінуінің есептеулері мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне беріледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын, дәйектілігін және олардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
      10. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің 7-10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.
      Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келеді.
      Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:
      бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыс сомасына;
      бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша шығыс сомасына сәйкес келеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 № 269 бұйрығымен.
      11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдер аппараттарына айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге:
      бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;
      қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.
      Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратымен белгілеген пішімде қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда, қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарда ғана ұсынады.
      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 № 543 бұйрығымен.
      12. Түсімдер жоспарының жобаларын жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кірістер бойынша түсімдердің, бюджет кредиттерін өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және қарыздардың болжамдық жылдық сомасын бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ ерекшеліктер тұрғысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) әзірлейді. Бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кірістердің жалпы көлемінен ағымдағы қаржы жылының іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдерінің үлес салмағы және бірқатар жылға іс жүзіндегі түсімдер серпіні назарға алына отырып, жүзеге асырылады.
      Іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдердегі кірістердің үлес салмағы мен серпінін есептеген кезде жоспарланбаған (біржолғы) сипаттағы түсімдер алып тасталады.
      Болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кезінде салық және кеден заңнамасына сәйкес салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу ставкалары мен мерзімдері ескеріледі.
      Бюджеттің атқару жөніндегі уәкілетті орган бұйрықты әзірлеген кезде қажет болған жағдайда, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардан ерекшеліктер тұрғысынан кірістер түсімдерінің болжамды сомасы бойынша ұсыныс сұратады.
      13. Кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің жылдық болжам сомасын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілген бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және мәслихаттардың жергілікті бюджеттер туралы шешімдері негізінде, оларды қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады және бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтары бойынша түсімдер жоспарының жобасын жасау үшін салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдерді, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдарға жібереді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.
      14. Бюджетке түсетін түсімдердің жоспары және ерекшеліктер бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемі тиісті бюджет түсімдерінің сомасына және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне, ал ерекшеліктер бөлінісінде бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығына сәйкес келуі тиіс.
      Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қоса берілетін есептеулермен және негіздемелермен осы Ереженің 11-13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айлар бөлінісінде ҚР ББС-ның бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес қалыптастырылған түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.
      Осы жобалар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы қабылданғаннан кейін 2 күннің ішінде беріледі.
      14-1. Ұлттық қорына республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін қайтару:
      қаржы жылы көлемінде - жоспарланғаннан артық күтілетін кірістер түсімдері асып түсу шегінде;
      жыл қорытындысы бойынша – жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджетті түзету арқылы, ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей, республикалық бюджеттің кірістер бөлігін асыра орындалған кездегі жағдайларда жүзеге асырылады.
      Жоспарланғаннан артық күтілетін кірістер түсімдері асып түсу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, кейіннен тиісті заңнамалық және заңға тәуелді актілеріні, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуімен, Ұлттық қорына республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін қайтару сомасы туралы шешім қабылданады. Қайтару сомасы айқындалғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қорытындыны дайындайды.
      Тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін Ұлттық қорына қайтару ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.
      15. Бюджеттік алымдар түсімдерінің жоспарларын республикалық бюджет туралы заңға немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес және осы Ереженің 4-тарауының 10-параграфында анықталатын тәртіппен төмен тұрған бюджеттерден алынатын бюджеттік алымдарды ай сайынғы аудару мөлшерін және төмен тұрған бюджеттер кірістерінің ай сайынғы болжамдық көлемін қолдана отырып, есеп айырысулар негізінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
      Кірістер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, қаржы активтерді сатудан түскен түсімдерді және қарыздарды айлар бойынша бөлуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдерді төлеудің белгіленген мерзімдерін, өткен жылдарға бюджетке түсетін түсімдер серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік серпінін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныстар пен ұсыныстар деңгейін талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келісімдер талаптарын негізге ала отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар бойынша жоғары тұрған бюджеттің төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жоспарлардың жобаларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аталған түсімдердің коды бойынша тұтастай және сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша жасайды.

3-параграф. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспарын жасаудың және бекітудің тәртібі

      16. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары жобасының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша осы Ереженің 14-20-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша, қаржыландыру жоспарларының жобалары негізінде жасалады.
      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша жасалатын түсімдердің жиынтық жоспарынан және бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының функционалдық топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Бұл ретте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес келеді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 586 бұйрығымен.
      17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жергілікті бюджет туралы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
      Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкім аппараты жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив