Әдістемелік жұмыстар » Страница 2 » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бойынша хабарландыру
04
август
2023
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бойынша хабарландыру
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, ауыл тұрғындары және кәсіпкерлер! Жаңаталап ауылы «25 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде. Балаларға жаңа оқу жылының қарсаңында көмек көрсетуге асығайық!
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
01
август
2023
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
Құрметті Жаңаталап ауылының тұрғындары, ауыл кәсіпкерлері! Жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлаймыз! Ағымдағы жылы акция «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.  Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек
"Бәйтерек" жазғы алаңының 2-ші маусымы
27
июль
2023
"Бәйтерек" жазғы алаңының 2-ші маусымы
Жаңаталап ауылы, "25 орта мектеп" МКМ 15.06-28.06 аралығында "Бәйтерек" жазғы алаңының 2 маусымы өтті. Алаңда қамтылған оқушы саны - 75. Алаңда "Күншуақ", " Балауса", "Радуга" топтары жұмыс жасады. Алаң жұмысы күн тәртібіне сай жүргізілді. Тілдік пәндер мен музыка, дене шынықтыру, қызықты үйірмелер жұмыс жүргізді. Балаларға күнделікті тәтті сусындар мен балмұздақтар демеушілер тарыпынан таратылды. Сонымен қатар балалармен күнделікті психолог пен медбике, кітапхана жұмыс жүргізді.
"Ел жүрегі - Астана" мерекелік іс-шара
05
июль
2023
"Ел жүрегі - Астана" мерекелік іс-шара
Іле ауданы Жанаталап ауылы 25 орта мектеп Астананың 25 жылдығына арнап, "Ел жүрегі - Астана" атты салтанатты іс - шара өткізді. Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес.Астана -
Ел жүрегі - Астана!
04
июль
2023
Ел жүрегі - Астана!
Мен, Кабулова Мадина, 25 орта мектептің химия пәні мұғалімі,елордамыз Астананың құрдасы. 25 орта мектеп ұжымы Сіздерді сүйікті елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!    «Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы.  Ол – бейбіт елдің баға жетпес байлығы.
Ұлттық домбыра күні
03
июль
2023
Ұлттық домбыра күні
2 шілде - Ұлттық домбыра күні! Қазағымның ұлттық символы  домбыра күні құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыздың көгінде әрқашан күмбірлеген күй орнасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
"БӘЙТЕРЕК" жазғы алаңының 1-ші маусымы
13
июнь
2023
"БӘЙТЕРЕК" жазғы алаңының 1-ші маусымы
Жаңаталап ауылы, "25орта мектеп" МКМ 01.06-14.06 уақыт аралығында "БӘЙТЕРЕК" жазғы алаңының 1 маусымы өтті. Алаңға қамтылған бала саны-100. Алаңда төрт топ жұмыс жасады. Алаң жұмысы күнделікті күн тәртібі бойынша жүргізілді. Оқушылар уақыттарын қызықты өткізді. Алаңда үйірмелер, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, музыка пәндері жүргізілді. Күнделікті демеушілер тарапынан балаларға тәтті сусындар мен балмұздақтар таратылды.
Қорытынды аттестаттау 11 сынып 2022-2023 оқу  жылы
08
июнь
2023
Қорытынды аттестаттау 11 сынып 2022-2023 оқу жылы
08.06.2023 ж күні 11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары пәнінен қорытынды аттестаттау өтілуде, жалпы 20 оқушы қатысты