28
март
2023
1 сыныпқа қабылдау туралы хабарландыру
*‼Хабарландыру‼*
2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
*Құрметті ата-аналар!*
Мектепке қабылдауға (1-сынып) арналған өтініштер мен құжаттар EGOV БІРЫҢҒАЙ ПОРТАЛЫ-на тіркелу арқылы жүргізіледі.
*1-сыныпқа қабылдауда төмендегі құжаттар қажет:*
*1) баланың ата-анасы немесе заңды өкілдерінен өтініш; *
*2) ата – ананың ЭЦП кілті*
*3) туу туралы куәлік;*
*4) бала денсаулығы паспорты (ішінде 026/у-3 063/у)*
*5) 3х4 формадағы фото – 2 дана, 9х12 формадағы фото – 1 дана*
Өтініш беруді мектепте (сізге құжаттарды беруге көмек көрсетеді) немесе өзіне-өзі қызмет көрсету үстелі арқылы мұны өзіңіз жүзеге асыра аласыз. Өзімен бірге электронды-цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Кеңес алу үшін 8(727)304-43-83 немесе 8(708) 300 01 53, 8(776) 305 80 92 нөміріне қоңырау шалыңыз.
_Мектеп әкімшілігі_