Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы
25
январь
2023

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы

        2023 жылдың  қаңтар  айына ЖБББ қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуға 75 отбасының  180 баланың құжаттарын ұсынысқа берілді.  Жинақталған құжаттарды реттеп, 2023 жылдың 9 қаңтарында белгілі болды. 
        «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  18.01.2023 жылғы №52 бн/қ негізге ала отырып, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін,  көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан   Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12  наурыздағы №320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 182 Қаулысын және Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10 – қосымшасына сәйкес,  мектепшіліктің № 33 бұйрығына сәйкес, жетім, ата – ана қамқорлығынсыз қалған,  аз – қамтылған отбасы, толық емес отбасы,    көп балалы  отбасыларға «Жалпы білім беретін мектептердегі білім  алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттарына  тегін  және   жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» есебінен тегін тамақтану бекітілді.
         Аз – қамтылған отбасы, толық емес отбасы,   көп балалы  отбасы және   жетім  балаларды жалпыға  бірдей міндетті білім  беру қоры   есебінен  мектеп  асханасында   тегін  ыстық  тамақпен   қамтылсын. 2023 жылғы қаңтар айында     «Жалпы білім беретін мектептердегі білім   алушылар мен тәрбиеленушілердің   жекелеген санаттарына  тегін  және   жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» есебінен 75 отбасының 180 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Барлық оқушылардың құжаттары толық жиналған.
        Мектеп асханасының  санитарлық – гигиеналық  талапқа   сәйкестігі  жан – жақты  бақылауда   болды.  Оқушылардың  тамақтануын   күнделікті   комиссия  мүшелері қадағайлайды.  Тамақтары нормасына  сай.   Асхана ішінде  ауыз  су   диспенсор  арқылы  қамтамасыз   етілген.  Қол  жуатын   раковиналары бар. Аптада  бір рет  асхана ішінде  генералдық   тазалық   жүргізілді.  Дезинфекциялық хлорлы ұнтақтары және ыдыс жуатын сабын парашоктары толық қамтамасыз етілген.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив