«Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» жобасы » Іле аудандық мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» жобасы
22
декабрь
2020

«Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» жобасы

Іле аудандық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен 2020 жылы 22 желтоқсан күні Іле ауданы бойынша «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасы базасында «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» жобасын іске асырып жатқан №25 орта  мектептің 8 үйлестіруші-мұғалімдерімен және10 - 11 сынып оқушыларымен семинар-тренинг өткізілді.
 Семинардың мақсаты:  «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» жобасын тиімді ендіру бойынша оқушыларды оқыту.
 Семинар барысында қатысушыларға жоғары сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес»  курсының оқу бағдарламасы ұсынылды.
Сонымен қатар, оқушылар курстың оқу-әдістемелік кешенімен танысып, өз білімдерін шағын топтарда тапсырмалар орындау арқылы пысықтады, сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың атынан  белсенді қойылған сұрақтар легі осындай болды: 
1. Бизнес-планды құруды нені ескеруіміз керек?;
2. Қазіргі таңда, қай салада кәсіп бастаған жөн?;
3. "Атамекен кәсіпкерлер" базасында қандай кәсіп түрлеріне қолдау көрсетіледі?
4. Инновациялық кәсіп қандай қосымша курстардан өтуді талап етеді?;
5. Мал шаруашылығымен  айналысу үшін 6% несиеге қалай қол жеткізуге болады?
 Семинар соңында, болашақта жобаны дамыту мәселелері талқыланып, оқыту кезеңдері белгіленді. Қатысушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтардың барлығына дерлік жауап алды. Сонымен қоса, "Атамекен кәсіпкерлер" базасына қандай сұрақтар бойынша жүгінуге болатыны жайлы толық мәлімет алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив